Мексикада мигранттарды тоқтату үшін шекараға 6 мың сарбаз тартылады

0
909

Мексика билігі ұлттық ұланның 6 мың сарбазын елдің оңтүстік шекарасына жібермек ниетте.


Мексикада мигранттарды тоқтату үшін шекараға 6 мың сарбаз тартылады
ERNUR.KZ Бұл ақпаратты осы елдің сыртқы істер министрлігі де растады, деп жазады 24.kz.

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, бұл шешім Дональд Трамптың Мексика тауарларына 5 пайыз салық саламын деген мәлімдемесінен кейін қабылданды. Естеріңізге салайық, жуырда Ақ үй басшысы Мексика билігі шекараға ағылған заңсыз мигранттар легін тоқсатпаса, 10 маусымнан бастап осы елден импортталатын тауарға 5 процент баж салығы салынады деген шарт қойған болатын. Бұл аздай, тариф 25 пайызға дейін көтерілуі мүмкін. Алайда құрама штаттардың сес көрсетуіне қарамастан, АҚШ аумағына ағылған келімсектер нөпірі тоқтар емес.