Мексиканың Оахака штатында 7,5 балдық жер сілкінісі болды

0
1 542

​Зілзала ошағы Пинотепа Насьональ қаласынан 53 шақырымдай жерде 24 шақырым тереңдікте тіркелген,-деп хабарлайды 24.KZ.


Мексиканың Оахака штатында 7,5 балдық жер сілкінісі болды

Зілзала ошағы Пинотепа Насьональ қаласынан 53 шақырымдай жерде 24 шақырым тереңдікте тіркелген,-деп хабарлайды 24.KZ. Дүмпу ел астанасы Мехикода да күшті сезілген. Сондықтан шаһарда дабыл қағылып, тұрғындар дереу қауіпсіз жерге шығарылды. Қаланың кей аудандарында электр энергиясын беру тоқтатылды. Жергілікті сейсмологиялық қызметтің мәлімдеуінше, бірінші зілзаладан кейін тағы 120-дан астам сілкініс болған. Бірақ табиғи апаттан цунами қаупі жоқ екенін ескертті. Әзірге табиғи апаттан қаза тапқандар мен жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Айта кетейік, өткен жылы қыркүйек айында Мексикада 2 рет күшті жер сілкінісі болып, 450-ден астам адам ажал құшты. 200 мыңнан астам үй мен ғимарат қирап, 2 миллионнан астам адам зардап шекті.