Мемлекет басшысы мешіт салуды тоқтатуды бұйырды

0
1 727

Мешіт саны мектептің санынан көп.


Мемлекет басшысы мешіт салуды тоқтатуды бұйырды

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмони соңғы уақытта хашара (тегін) әдісі бойынша, елде 5 мыңдай мешіт салынғанын айтып, жомарттық жасаушыларға енді мектеп, аурухана салуға кеңес берді, деп жазады bugin.kz.

"Биыл 130-дан астам жаңа мектеп салынды. Бірақ оқушыларға орын әлі жетпей жатыр. Келесі жылы тағы 180 жаңа мектепті іске қосамыз" - дейді ел президенті.

Айта кетейік, Тәжікстанда 4 мыңға жуық білім ошағы бар. Яғни, мешіт саны мектептің санынан көп екендігін білдіреді.

Сонымен қатар президент білім сапасының төмендеп бара жатқанына алаңдап, әрбір тәжік азаматы жылына 5 кітап оқуы қажет екендігін алға тартты.