Минниханов 11 қазанды Татарстанда аза тұту күні деп жариялады

0
1 001

Апатқа ұшыраған әуе кемесінің бортында 23 адам болған, соның 16-сы қаза тапты.


Минниханов 11 қазанды Татарстанда аза тұту күні деп жариялады

ERNUR.KZ. 11 қазан Татарстанда аза тұту күні деп жарияланды. Мұндай тапсырманы ТР Президенті Рустам Минниханов бүгін ұшақ құлаған Мензелинскідегі штаб жиналысында берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Мензелинскіде құрылған штаб жиналысында Татарстан Республикасының Президенті Рустам Минниханов 11 қазанды Татарстанда аза тұту күні деп жариялау туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді», - деді ТР Президенті баспасөз қызметінің басшысы Лилия Галимова.

Әуе кемесінің бортында 23 адам болған, соның 16-сы қаза тапты.