Моңғолдар өзінің ұлттық көлігін шығаратын болды (видео)

0
803

Алғашқы ұлттық кроссовер Bars Motors зауытында құрастыра бастайтын болды.


Моңғолдар өзінің ұлттық көлігін шығаратын болды (видео)

ERNUR.KZ. Ұланбатырлық компания қытайлық Zotye компаниясымен бірлесіп жасаған көліктерді көптеп шығаруды көздеп отыр, деп жазады exk.kz.

Моңғолияда 6 желтоқсан күні елдегі алғашқы Bars Motors автокөлік зауыты ашылады, деп мәлімдейді Monіzame ұлттық ақпарат агенттігі.

"Әріптестер арасындағы ынтымақтастық бір жыл бұрын Қытайдың Ханчжоу қаласында басталған. Ол кезде моңғолдарға Bars Motorsты толықтай ұлттық автоөндіруші деп санауға құқық берілмеген уақыт болатын. Қазір компания толықтай ұлттық меншікке өтті", - деп жазады агенттік.

Ұлан-Батордағы жаңа көлік құрастыру зауыты жылына 2,5 мың автомобиль шығаруға күші жетеді. Зауыттан шығатын алғашқы модель "Mozo" деп аталады.

Ол ("Моңғол зон олон" тіркесінен алынған сөз), яғни, моңғол тілінен аударғанда — "Моңғол халқы" деген ұғымды білдіреді.