Жер сырғыған аймақта үйдің қалып кеткені байқалады.
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде жердің сырғып, өзен секілді «аққан» сәті тарады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бейнежазбада жер биіктен бастап сырғып, өзен арнасындағы буырқанған су немесе жанартаудан аққан лава секілді сырғиды. Оған бірнеше адам куә болып тұр. Жер сырғыған аймақта үйдің қалып кеткені байқалады. Жақын маңда мал жайылып жүргеніне қарағанда жайлау болуы мүмкін.
Мұндай видеоны фейсбук әлеуметтік желісінеBuyan Chamzyryn есімді қолданушы салды.
«19 шілде, таңғы 10:19. Моңғолияда жер асты қысымы мен температурасының айырмашылығы әсерінен беткі қабаттың сырғуы болды. Таңғаларлық... Мұны адамзаттың бақылауы бірінші рет», - деп жазды ол.
Видео әлеуметтік желіден алынды.