​Мүгедек әкесін жалғыз өзі бағып отырған 6 жасар қыз жұртты жылатты (видео)

0
15 004

Төрт жыл бұрын жантүршігерлік жол апатына түсіп, өздігінен жүре алмай қалған.


​Мүгедек әкесін жалғыз өзі бағып отырған 6 жасар қыз жұртты жылатты (видео)

ERNUR.KZ.. Қытайдағы Нинся-Хуэй автономды ауданына қарасты Хайюань елді мекенінің тұрғыны мүгедек болып қалған соң, оның күтімін алты жасар қызы қолына алған. 38 жастағы Тиан Хайченгті әйелі жарымжан бола салысымен тастап кеткен деп жазады fakty.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.


Анасы отбасын тастап кеткен соң, барлық ауыртпалық алты жасар қыздың мойнына түскен. Балақай мүгедек болып қалған әкесінен бас тартпай, бар уақытын оның күтіміне арнайды.

38 жастағы Тиан Хайченг төрт жыл бұрын жантүршігерлік жол апатына түсіп, өздігінен жүре алмай қалған. Үйінің асыраушысы болған ер адам жұмыс істеуге қауқарсыз болғаннан кейін, әйелі ұлын алып оны алты жасар қызымен тастап кетіпті.


Кішкентай қыз асқан қайсарлық танытып мүгедек әкесін ауыр жағдайда қалдырмай, бар уақытын оның күтіміне арнап жүр.

Қытайлық отбасындағы ерекше оқиға желіде тарап, көпшілікті елжіреткен. Ғаламтор қолданушылар алты жасар қыздың әрекетіне риза болып, оң пікірлерін жаудыруда.

Оқырмандардың тағы бірі жарымжан күйеуін тастап, бар ауыртпалықты қызына қалдырған әйел адамды аяусыз сынға алды.