Бірнеше мектеп директорлары мұғалімдер шағымын растады.
ERNUR.KZ. Өзбекстанның Қашқадария облысындағы бір мектептің мұғалімдері елдің алғашқы президенті болған Ислам Каримов бюстіне ақша жинауға мәжбүрлегенін айтты, деп жазады centralasian.org.
Қашқадария облысы Шыршық ауданындағы мектеп мұғалімдері "Озодлик" редакциясына алғашқы президент бюстіне ақша жинауға мәжбүрлегенін хабарлады.
"Мұғалімдер атынан редакцияға үндеу жолдаймыз. Жақында біздің директор облыс әкімшілігінен Каримов бюстін алып келді. Бір бюст 450 мың сум (шамамен 50 доллар) тұрады. Әр мұғалім 10 мың сум өткізуі керек болды. "Ақша жинаңдар, оны хокимиятқа өткізем", дейді біздің директор. Біз пандемия кезінде онсыз да қиналып жүрміз, енді ақша жинауға мәжбүрлеп жатыр. Біз осындай әрекеттерден шаршадық", – деп жазды Шыршықтағы мұғалімдер.
Аудандағы бірнеше мектеп директорлары мұғалімдер шағымын растады.
– Жақында облыс әкімшілігінің өкілі келді. Ол әрбір директорға бір бюсттан берді. Қазір оған ақша жинап жүрмін, – деді директорлардың бірі.
Алайда Қашқадария облысының әкімшілігі бұл ақпаратты жоққа шығаруға тырысты.
– Біз Каримов бюсттерін демеушілердің ақшасына сатып алдық. Бізде мұғалімдерден ақша жинауға тыйым салынған. Сізге жалған ақпарат берген, - дейді облыс әкімшілігінің өкілі.