Неймарға Бразилияда қарулы шабуыл жоспарлады деген айып тағылды

0
851

Бразилиялық саясаткер Агрипино​ Магальяэш Сан-Паулу сотына шағым жазған.


Неймарға Бразилияда қарулы шабуыл жоспарлады деген айып тағылды

ERNUR.KZ. Бразилиялық саясаткер әрі жыныстық азшылықтардың құқығын қорғаушы Агрипино Магальяеш франциялық "Пари Сен-Жермен" және Бразилия құрамасының футболшысы Неймарды қарулы шабуыл жоспарлады деп айыптады, деп жазады Tengrinews.kz.

Агрипино Магальяэш Сан-Паулу сотына шағым жазған. Ол Неймардың гомофобиялық-мыс әрекеттері туралы өзінің бірнеше репортажынан кейін футболшыға айып тақты. Магальяэш Неймардың адвокаты Дави де Пайва Коста Тангеринаны да айыптады.
Ол Неймар мен адвокатынан "өмірі үшін қорыққанынан" жасырынуға мәжбүр екенін мәлімдеді және "оның бұйрығымен тоналғанын" айтты. Магальяэш қорқыту шындыққа айналып кетеме деп мекенжайын өзгерте беретінін де айттты.
Енді Магаляэш миллион реал (155 мың еуродан аса) мөлшерінде өтемақы өндіргісі келеді.
Сондай-ақ, материалда Неймар достарымен әңгімесінде анасының бұрынғы жігітін қорлағаны туралы айтылады.