Нидерланд полициясы Палестинаны қолдап шеруге қатысқан 50 адамды қамауға алды

0
247

7 қарашадан 8 қарашаға қараған түні Нидерланд астанасының Дам-сквер ауданында израильдік футбол клубының жанкүйерлеріне шабуыл жасалған болатын.


Нидерланд полициясы Палестинаны қолдап шеруге қатысқан 50 адамды қамауға алды

Фото: Anadolu aa.com.tr

ERNUR.KZ. Жексенбі күні түстен кейін Амстердамдағы Дам алаңында кем дегенде 50 адам қамауға алынды, деп хабарлайды inform.kz.

Бұған дейін 7 қарашадан 8 қарашаға қараған түні Нидерланд астанасының Дам-сквер ауданында израильдік футбол клубының жанкүйерлеріне шабуыл жасалған болатын.

Желіде «Маккаби» жанкүйерлері мен «Аякс» клубы арасындағы қақтығыстың видеосы пайда болды. Бірқатар жергілікті БАҚ израильдік жанкүйерлердің агрессивті әрекетке барып, палестиналық белсенділерді арандатқанын хабарлады.

Амстердам полициясының басшысы Питер Холла жұма күнгі баспасөз мәслихатында футбол жанкүйерлерінің сәрсенбі күні ғимараттың алдынан Палестина туын алып тастағанын айтты. Сондай-ақ олар таксилерге зақым келтіріп, Дам алаңындағы Палестина туын өртеп жіберген.

Желіде израильдік жақтастардың палестиналықтарға қарсы арандатушылық әндер айтқаны туралы видеолар пайда болды.

Сонымен бірге Нидерланд полициясы израильдік жанкүйерлерге жасалған шабуыл туралы видео және фотоматериалдарды мұқият зерттеп жатқанын, нәтижесінде агрессивті тұлғаларды тұтқындау басталғанын хабарлады.

Жексенбі күні Палестина үшін шеру өткізуге тыйым салынды және полиция наразылық білдірушілерді таратуды сұрады. Осыдан кейін өзге де белсенділерді қамауға алу басталды.