Нигерияда «адам шығаратын фабрика» табылды

0
1 110

Әйелдерді бірнеше ғимаратта қинап ұстап, жүкті қылу үшін зорлап келген.


Нигерияда «адам шығаратын фабрика» табылды

Иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Нигерия полициясы мемлекеттегі ең ірі қала Лагостан адам саудасына арналған «нағыз фабриканы» анықтады, деп жазады Stan.kz.

Тексеру нәтижесінде полицейлер 19 жүкті әйел мен жаңа туған 4 баланы құлдықтан босатты.

Анықталғандай, құлдықта болған әйелдердің жасы – 15-28 аралығында. Олардың бір бөлігі жақсы жұмыс іздеп Лагосқа көшіп келсе, өзгелерін ұрлап әкеткен. Оларды бірнеше ғимаратта қинап ұстап, жүкті қылу үшін зорлап келген.

Артынша жаңа туған балаларды сатып жіберіп отырыпты. Сәбидің құны жынысына байланысты 830 доллардан 1380 долларға (320 мың – 535 мың теңгеден аса) дейін бағаланған екен.