Оңтүстік Африка астанасында соңғы 10 жылда алғаш рет қар жауды

0
746

Мұндай ауа райы – теңіз деңгейінен 1700 метр биіктікте орналасқан Йоханнесбург үшін сирек жайт.


Оңтүстік Африка астанасында соңғы 10 жылда алғаш рет қар жауды

ERNUR.KZ. Йоханнесбург – Оңтүстік Африка Республикасы астанасының тұрғындары дүйсенбі күні таңертең терезеден ерекше көрініс көрді. Қалада соңғы 10 жылда алғаш рет қар жауды, деп жазады ҚазАқпарат.

Синоптиктердің мәліметінше, қалаға және Оңтүстік Африканың таулы аудандарына суық ауа ағыны келген.
Метеоқызмет жолдардың жабылуы және қауіпті төменгі температура туралы ескертеді.

Гаутенг провинциясындағы қар өткен аптаның соңында ОАР-ға келген суық ауа ағындарынан жауған.
Мұндай ауа райы – теңіз деңгейінен 1700 метр биіктікте орналасқан Йоханнесбург үшін сирек жайт. Соңғы рет қар мұнда 2012 және 1996 жылдары жауған.

BBC News мәліметінше, бір апта бойы ауа райы суық болады. Қар бірқатар провинцияларда, соның ішінде Шығыс Кейп, Мпумаланга және Йоханнесбург пен Соуэто кіретін Гаутенг аймағында тіркелді.