Оңтүстік Кореяда құс тұмауының ошағы анықталды

0
702

Осыған сәйкес инфекцияның таралу қаупі туралы ескертілді.


Оңтүстік Кореяда құс тұмауының ошағы анықталды

ERNUR.KZ. Оңтүстік Кореяда жабайы құстардан жоғары патогенді тұмаудың ошағы анықталды, деп жазады baq.kz.

Аурудың ошағы Чхунчхон-Намдо провинциясының Чхонан қаласында табылды. Бұл соңғы жеті айдағы елдегі алғашқы осындай жағдай, деп хабарлайды ТАСС ведомствоның ақпаратына сілтеме жасап.

Корея республикасының Азық-түлік, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы министрлігі билік елдің құс фабрикаларында инфекцияның таралуынан қауіптенетінін айтты.

Осыған сәйкес инфекцияның таралу қаупі туралы ескертілді. Сонымен қатар жұқтырған құстар табылған жерден 500 м радиуста толық карантин енгізілді. Жақын маңдағы құс фермаларының арасында 21 күнге қозғалыс шектелген, – делінген хабарламада.