Оңтүстік Кореяда күшті тайфун болды

0
862

Жергілікті басылымдарда толассыз жауған жаңбыр мен жел оңтүстік облыстарда ағаштар мен жолдарды қиратқаны айтылды. Сондай-ақ, 20 мыңнан астам үй жарықсыз қалған.


Оңтүстік Кореяда күшті тайфун болды

ERNUR.KZ. Оңтүстік Кореяда "Хиннамнор" супер тайфуны болып, мыңдаған адам эвакуацияланды, деп жазады tengrinews.kz.

Корея метеорологиялық басқармасы (KMA) Оңтүстік Кёнсан провинциясының оңтүстік-шығысындағы Геодже қаласына таңғы сағат 4:50-де тайфун соққанын хабарлады. Қала бірнеше аралда орналасқан. Олардың ең үлкені - Геоджедо аралы.




Тайфун қазіргі уақытта қауіпті табиғи апат саналады. Оның атмосфералық қысымы 945 гектопаскаль, желдің максималды жылдамдығы секундына 45 шақырым.

Жергілікті басылымдарда толассыз жауған жаңбыр мен жел оңтүстік облыстарда ағаштар мен жолдарды қиратқаны айтылды. Сондай-ақ, 20 мыңнан астам үй жарықсыз қалған.