Отанына демалысқа келген студенттер әскерден бір-ақ шықты

0
998

Жас жігіттер 1-маусым күні Түркиядан ұшып келді.


Отанына демалысқа келген студенттер әскерден бір-ақ шықты

ERNUR.KZ. Туған жеріне демалысқа келген түрікменстандық 4 студент әуәжайдан тікелей әскерге кетті деп жазады Qamshy.kz.

Жас жігіттер 1-маусым күні Түркиядан ұшып келді. 2 жігіт Байрамали қаласынан болса, қалған 2 ер адам Лебап уәлаятының тумасы. Ашхабадтың халықаралық әуәжайын балаларын күткен ата-аналар оларды көре алмады.

3-маусым күні әртүрлі инстанцияларға жүгінген ата-аналар таныстары арқылы балаларын Ашхабад әскери гарнизонына алып кеткені туралы естіді. Жас жігіттерді “әскерден қашқандар” деп горнизонға орналастырды.

Әуәжайдағы төлқұжат тексерісінен кейін, оларды бірден 3 сағатқа созылған тергеуге алып кетті. Одан кейін, Ашхабад әскери гарнизонының офицері жас жігіттердің Түрікменстан қарулы күштері қатарына шақырылғаны туралы хабарлады.

Бұл шетелдік жоғары оқу орындарынан демалысқа келген студенттердің әскерге алып кету жағдайы бірінші емес. Оларға оқуын аяқтауға мүмкіндік берілмейді. Әртүрлі дереккөздердің айтуынша, түрікмен әскері офицерлер мен қатардағы жауынгерлерге кадрлық жетіспеушілік көруде.