Тиісті жарлыққа 2021 жылғы 20 сәуірде президент қол қойды.
ERNUR.KZ. Өзбекстанда Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлер 12 миллион сум (шамамен 1150 доллар) сыйақы алады, деп жазады centralasian.org.
Тиісті жарлыққа 2021 жылғы 20 сәуірде президент қол қойды.
Сыйақы Жеңістің 76 жылдығы қарсаңында төленеді. Қаражат республика бюджетінен бөлінеді.
Құжатта 9 мамыр - Еске алу және құрмет көрсету күні екені жазылған. Мемлекеттік мекемелерге осы күні карантин талаптарын сақтай отырып, ардагерлермен кездесулер, мәдени-ағарту кештерін ұйымдастыру тапсырылды.