Өзбекстан алғаш рет БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік кеңесіне мүше болды

0
542

Қазақстан аталған кеңеске 2022 жылдан бері мүше.


Өзбекстан алғаш рет БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік кеңесіне мүше болды

ERNUR.KZ. Тұңғыш рет Өзбекстан Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің құрамына енді, деп жазады inform.kz.

Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сай, республиканың аталған кеңес құрамына енуі бойынша сайлау өткен аптаның соңында Нью-Йорк қаласында өтті. Оның нәтижесі жасырын дауыс беру арқылы анықталды.

«Өзбекстан президентінің басшылығымен жүргізіліп жатқан жүйелі реформалар халықаралық қоғамдастық пен БҰҰ-ға мүше мемлекеттер тарапынан қең қолдауға ие болып келеді. Соның нәтижесінде біздің еліміз БҰҰ-ның осы негізгі органына сайланды», — делінген Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.

Өзбекстан 2025-2027 жылдар аралығында аталған кеңестің мүшесі болады.

Айта кетейік, Экономикалық және әлеуметтік кеңес — БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік салалар қызметін үйлестіру жөніндегі бас органы саналады.

Оның құрамына 54 мемлекеттің өкілі кіреді.

Қоса кетсек, Қазақстан аталған кеңеске 2022 жылдан бері мүше.