Өзбекстан Қырғызстанда селден зардап шеккендерге көмек жеткізді

0
400

Өз кезегінде қырғыз тарапы Өзбекстан президентіне және өзбек халқына гуманитарлық көмек жіберіп, қолдау көрсеткені үшін алғысын жеткізді.


Өзбекстан Қырғызстанда селден зардап шеккендерге көмек жеткізді

ERNUR.KZ. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің тапсырмасы бойынша алапат селден зардап шеккен Қырғызстанның Ош және Баткен аудандарының тұрғындарына гуманитарлық көмек жіберілді, деп жазады inform.kz.

Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігіне қарасты Dunyo агенттігінің мәліметінше, жүк Баткен облысындағы Қызылқия шекара бекетіне жеткізіліп, Ноокат ауданының әкімшілігіне табысталды.

Гуманитарлық көмекті жеткізген өзбекстандық делагация мүшелері сел салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Өз кезегінде қырғыз тарапы Өзбекстан президентіне және өзбек халқына гуманитарлық көмек жіберіп, қолдау көрсеткені үшін алғысын жеткізді.