Бұдан басқа да ортақ келісімшарттар жасасты
ERNUR.KZ. Өзбекстандық «Узэлтехсаноат» компаниясының өкілдері мобильді телефон шығару үшін үндістандық серіктестермен келісімшарт жасасты, деп жазады ca-news.org.
Аталған компания басшысының орынбасары Умид Исломның айтуынша, олар үндістандық «LAVA» компаниясымен келіскен. Бұдан бөлек, Өзбекстаннан жалпы құны 10 млн доллар көлемінде кабель мен трансформатор тасымалдауға «KEC InternationalLTD» компаниясымен де келісімшартқа қол қойылған.
Айта кетейік, «Узэлтехсаноат» ассоциациясы 1994 жылы құрылған.