Өзбекстан шекарашылары Қырғызстанның үш азаматын атып өлтірді

0
604

Оқиға Джалал-Абад облысы Ала-Бука ауданы Актам ауылдық әкімшілігіне қарасты Добо-Коргон елді мекенінде болған.


Өзбекстан шекарашылары Қырғызстанның үш азаматын атып өлтірді

ERNUR.KZ. 5 мамырда Өзбекстан шекарашылары Қырғызстанның үш азаматына қарсы қару қолданған, - деп жазады tengrinews.kz.

Оқиға Джалал-Абад облысы Ала-Бука ауданы Актам ауылдық әкімшілігіне қарасты Добо-Коргон елді мекенінде болған. Үш қырғызстандық оқ жарақатын алып, Ала-Бука ауданындағы ауруханаға жеткізілген. Сол жерде олар есін жимастан қаза болған.

"Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Ала-Бука бағыты бойынша Қырғыз Республикасының шекара өкілі Өзбекстанның Янги-Курган бағыты бойынша шекара өкілімен кездесу өткізді. Тараптар қызметтік тексеріс қорытындысы бойынша кездесуді 6 мамырда жалғастыруға келісті. Дерек бойынша тергеу амалдары басталды", - деді Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі өкілдері.