Өзбекстан ТМД елдері ішінде алғаш болып сыра өнімдерін таңбалай бастады

0
1 449

Бұған дейін ала тақиялы ағайын алкогольдік өнімдер мен темекілерді таңбалауды бастаған.


Өзбекстан ТМД елдері ішінде алғаш болып сыра өнімдерін таңбалай бастады

ERNUR.KZ. Сәуірдің 1-інен бастап көрші мемлекетте үш ірі зауытта өндірілген өнімдерге цифрлық таңба қою ісі қолға алынды, деп жазады 24.kz.

Салық органдарының мәлімдеуінше, жаңа жүйе заңсыз тауарлармен күресте және өнімнің сапасын арттыруда үлкен көмек болады. Себебі, тұтынушы таңба арқылы тауардың сөреге дейінгі жолын көре алады. Яғни, қай зауытта өндіріліп, неше күнде дүкенге жеткізілгендігін бақылайды.

Қазір Өзбекстанда жалпы ішкі өнімдегі көлеңкелі экономиканың үлесі 40%-тен асады. Бұған дейін ала тақиялы ағайын алкогольдік өнімдер мен темекілерді таңбалауды бастаған. Алдағы уақытта олардың қатарын дәрі-дәрмектер, алкогольсіз өнімдер мен тұрмыстық техника толықтырмақ.

Ахмадбек Файзиев, Өзбекстан Республикасы мемлекеттік салық комитетінің инспекторы:

- Жаңа жүйе бізге көлеңкелі экономиканың үлесін қысқартуға мүмкіндік береді. Тағы қазынаға салықтың көбірек түсуін де қамтамасыз етеді. Сонымен қатар контрафактілік тауарлармен күресу механизмін де арттырады. Ал тұтынушылар үшін сатып алған өнімінің сапасын тексеру мүмкіндігін береді. Бұл олардың денсаулығы үшін аса маңызды.