Оған Өзбекстан жеріне саяхаттап келген шетелдіктердің дауыс беруі арқасында қол жеткізген.
ERNUR.KZ. National Geographic Traveler журналының мәліметінше, Өзбекстан National Geographic Traveler Awards 2018 конкурсында "Гастрономиялық туризм" бойынша бірінші орынды жеңіп алды, деп жазады ca-news.org Өзбекстан Республикасы мемлекеттік туризм ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, 21% және 17% дауыс жинаған Италия мен Әзірбайжанды басып озған Өзбекстан 34% дауысқа ие болған. Сайтқа кіріп дауыс берген қолданушылардың арқасында Францияға 13%, Арменияға 7%, Оңтүстік Кореяға 5% және Швецияға 3% дауыс жиналған.
Айта кету керек, National Geographic Traveler Awards - саяхаттаушыларға әр елдің жаңа орындарын ашуға көмектесетін әрі жыл сайын өткізілетін бірегей конкурс.