Өзбекстанда автобустағы газ баллон жарылып, 6 адам көз жұмды

0
564

Автобустың газ баллондарының бірі газ құю станциясында жарылған.


Өзбекстанда автобустағы газ баллон жарылып, 6 адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Өзбекстанның Сырдария облысында автобустағы газ баллоны жарылып, 6 адам қаза тапты, деп жазады ҚазАқпарат.

Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қайғылы оқиға 18 тамыз күні сағат 14:30 шамасында Сырдария облысының Ақалтын ауданында болған.

Автобустың газ баллондарының бірі газ құю станциясында жарылған. «Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан 6 адам қаза тауып, 15-і әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алды», - деді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Оқиғаның мән-жайын Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен құралған жұмыс тобы тексеріп жатыр.