Газ құю бекеттеріндегі жағдайды ескере отырып, барлық жанармай станцияларына жеткізілетін бензин көлемі ұлғаяды.
ERNUR.KZ. Өзбекстанда барлық газ құю станцияларының жұмысына уақытша шектеу енгізіледі, деп жазады kaz.inform.kz.
Өзбекстанның Энергетика министрлігінен мәлімдегендей, күн күрт салқындап, салдарынан магистральдық газ құбырларындағы қысым төмендеген.
«Үйлер мен әлеуметтік объектілерді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында республикада автогаз құю станцияларының жұмысына қысқа мерзімді шектеулер енгізіледі», - делінген министрліктің хабарламасында.
Ведомство ақпаратына сай, газ құю бекеттеріндегі жағдайды ескере отырып, барлық жанармай станцияларына жеткізілетін бензин көлемі ұлғаяды.
Еске сала кетейік, былтыр да Өзбекстандағы газ құю станцияларының жұмыс уақытына шектеу енгізілген еді.