Конституцияны реформалаудың арқасында қазіргі президент қайтадан сайлауға түсе алады.
ERNUR.KZ. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Конституцияға түзетулер енгізуді референдум арқылы жүзеге асыруды ұсынды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Шерзод Асадов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.
"Комиссияның ұсынысы бойынша Парламент әзірлеген жобаны бүкілхалықтық талқылауда қарауды және оны референдум арқылы қабылдауды ұсынамын", – деді президент.
Жалпы, Мирзиёевтің айтуынша, қазіргі заңнама бойынша Парламент негізгі заңға түзетулер енгізуге құқылы.
2022 жылға жоспарланған Конституцияны реформалаудың арқасында қазіргі президент қайтадан сайлауға түсе алады. Бұны Сенаттың вице-спикері Садық Сафаевтың айтқан болатын.
2016 жылдан бері Мирзиеев екі мәрте президент болып сайланды. Өзбекстанның қазіргі Конституциясы бойынша, бір адамға қатарынан екі мәрте президент болуға тыйым салынған. Конституцияны реформалауды арнайы комиссия қоғамдық талқылаудың көмегімен өткізеді.