Бұл нәзік жандылардың білім алып, еңбек нарығындағы әлеуетін арттыруға үлкен кедергі болып отыр.
ERNUR.KZ. Өзбекстанда қыз балалардың жартысына жуығының компьютерлік сауаттылығы төмен, деп жазады 24.kz.
ЮНИСЕФ ұйымының мәліметі осындай. Жүргізілген зерттеудің қорытындысы бойынша Өзбекстанда қыздардың 43,5%-і компьютерлік сауаттылықтан хабары жоқ болып шықты.
Ұлдар арасында бұл көрсеткіш 30%. Ал 14 пен 30 жас аралығындағы қыз-келіншектердің 68%-і интернетті мүлдем пайдаланып көрмепті.
Бұл нәзік жандылардың білім алып, еңбек нарығындағы әлеуетін арттыруға үлкен кедергі болып отыр.