Өзбекстанда өз сәбиін азаптаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды

0
688

Жизақ қаласында тұратын әке өз баласына «адамилыққа жатпайтын қылмыстық әрекеттерді» үздіксіз жасағаны анықталды.


Өзбекстанда өз сәбиін азаптаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды

ERNUR.KZ. Жизақ облысында сәбиін азаптап, өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерге барған ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп жазады inform.kz.

Жизақ қаласында тұратын әке өз баласына «адамилыққа жатпайтын қылмыстық әрекеттерді» үздіксіз жасағаны анықталды. Әлеуметтік желілерде бұл әрекеттерді бейнелейтін видео тарады.


Баланың анасы ішкі істер органдарына арызданған соң, 20 желтоқсанда ӨР Қылмыстық кодекстің 110-бабы (Азаптау), 112-бабы (Кісі өлтіру немесе күш қолдану арқылы қорқыту) және басқа да баптары бойынша қылмыстық іс қозғалғаны атап өтілген.

Айтуларынша, тергеу жүргізіліп жатыр.