Өзбекстанда студенттер «ақылды» бетперде ойлап тапты (видео)

0
1 278

«Ақылды» бетперде қауіпті індеттің анықталғаны туралы белгі береді.


Өзбекстанда студенттер «ақылды» бетперде ойлап тапты (видео)

ERNUR.KZ. Өзбек студенттері коронавирусқа қарсы «ақылды» бетперде ойлап тапты, деп хабарлайды «Хабар 24»

Мұндай маска адамның дене қызуын өлшей алады. Сонымен бірге температура, жөтел мен тыныстың тарылуына байланысты мәліметтерді датчик арқылы автоматты түрде смартфонға жіберіп отырады. Ал телефонға орнатылған мобильді қосымша бұл ақпаратты COVID-19-дың белгілерімен салыстырады. Осылайша құрылғы қауіпті індеттің бар-жоғын анықтамақ. Қазір Достон Мардиев пен Азиза Абдурахманова өнертабысын сынақтан өткізіп жатыр. Ендігі кезекте Инха университетінің тәлімгерлері инновациялық бетперденің өндірісін жолға қою үшін инвесторлар іздемекші.

– Бүгінде коронавирустың белгілері анық. Адамның дене қызуы көтеріліп, құрғақ жөтел пайда болып, оның тынысы тарылады. Міне, біздің маска осы мәліметтерді тіркеп алады. Мысалы адамның дене қызуы 38,5-ті көрсетіп, ол жиі жөтеліп, әрі тыныс алуы қиындаса, онда «ақылды» бетперде қауіпті індеттің анықталғаны туралы белгі береді, - дейді Инха университетінің студенті Достон Мардиев.