Өзбекстандағы 19 баланың өлімі: Жөтелге қары препараттың сынақтан дұрыс өткізілмегені анықталды

0
546

Үндістандық компания өндірген препаратты ішкен соң 19 баланың ажал құшқаны расталды.


Өзбекстандағы 19 баланың өлімі: Жөтелге қары препараттың сынақтан дұрыс өткізілмегені анықталды

ERNUR.KZ. Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметі жөтелге қарсы "Док-1 Макс" пен "Амбронол" дәрілерін зертханалық сынақтан өткізу кезінде өрескел қателіктер жіберілгенін мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

"Док-1 Макс" пен "Амбронол" препараттарын Өзбекстанға Quramax Medikal компаниясы импорттаған. Ал зертханалық сынақтан Стандарттау ғылыми орталығында өткен және осы жерде сертификат берілген. Алайда зерттеу кезінде құқықтық-нормалық құжаттамасы кезінде талаптар бұзылып, сапасыз дәрі айналымға жіберілген.

Қазір тергеу басқармасы Quramax Medikal мен Стандарттау ғылыми орталықтарының жауапты тұлғаларына қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Сонымен қатар Үндістаннан Өзбекстанға импортталатын Quramax Medikal препараттарын кедендік бақылаудан өткізу тоқтатылған. Әрі осыған ұқсас өзге дәрілер сатылымнан алынды.

Еске салайық, үндістандық компания өндірген препаратты ішкен соң 19 баланың ажал құшқаны расталды. Бастапқыда ЖРВИ-ге қарсы дәріні ішкен 15 баланың көз жұмғаны айтылған. Тергеу кезінде препараттан нормадан 300 есеге көп этиленгликоль анықталған еді.