​Өзінің жаназасын шығарып жатқанын көрген жігіт талып қала жаздады

0
2 064

Белгісіз мүрдені полиция жоғалған жігіттің отбасына берген соң олар қара жамылып, жерлеу рәсімін жасап жатқанда «өлген жігіт» үйіне келген.


​Өзінің жаназасын шығарып жатқанын көрген жігіт талып қала жаздады

ERNUR.KZ. Жігіт үйіне келгенде өзінің «мәйітін» табытқа салып көмуге алып бара жатқан отбасының әрекетінің үстінен түскен, деп жазады life.ru.

Оқиға Парагвай елінде болған. 20 жастағы Хуан Рамон Альфонсоны жоғалтып алған отбасы оны өлдіге санап, «көмгелі» жатқанда жаназа иесі үстінен түседі. Бірнеше күн үйінде болмаған жігітті отбасы мүшелері іздеп таба алмаған соң полицияға хабарласқан. Ал полиция қызметкерлері белгісіз адамның дене қалдықтарын көрсеткенде, жігіттің отбасы оны жергілікті наркобанда мүшелері өлтіріп, өртеп тастаған деп жорамалдаған.

Белгісіз мүрдені полиция жоғалған жігіттің отбасына берген соң олар қара жамылып, жерлеу рәсімін жасап жатқанда «өлген жігіт» үйіне келген. Өзінің жерлеуінің үстінен түскен жігіт аң-таң боп қалған.