Пермь университетінде атыс шығарған студенттің аяғы кесілді - БАҚ

0
475

Жігіт есін жимаған, оның жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр.


Пермь университетінде атыс шығарған студенттің аяғы кесілді - БАҚ

ERNUR.KZ. Пермь мемлекеттік университетіне оқ жаудырып, ұстау кезінде жараланған студентке тағы бір операция жасалып, сол аяғы кесілді, деп жазады tengrinews.kz.

Жігіт есін жимаған, оның жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр.

Baza Telegram арнасы Бекмансуров реанимациядан қарапайым палатаға ауыстырылғанын айтады.

"Дәрігерлердің пікірінше, оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Тимур әлі күнге дейін есін жимаған, ол Жасанды өкпе желдету аппаратына қосылған", - делінген хабарламада.

Бекмансұров көп ауыр жарақат алғандықтан бүйрек жеткіліксіздігіне ұшырауы мүмкін, деп жазады Telegram арнасы.

Еске салайық, бұған дейін Ресейдің Пермь қаласындағы жоғары оқу орнында атыс болғаны хабарланған еді. Оқиға видеосы РЕН-ТВ Telegram-арнасында жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, студенттер ғимарат терезесінен секірген. Сондай-ақ, видео кадрларынан атыс естіледі. Кейін атыс салдарынан 8 адам қаза тапқаны хабарланған болатын.

Қылмыстық іс "Адам өлтіру" бабы бойынша тергеледі. Пермь университетінде атыс шығарған адамды ұстау сәтінің видеосы Желіде жарияланды.