Перьм университетіндегі атыс кезінде дәріс өтуін тоқтатпаған профессор сабақ беруден шеттетілді

0
725

Бұл шешім 20 қыркүйектен кейін студенттер мен университет қызметкерлеріне консультациялар жүргізген ТЖМ психологтарының ұсыныстары негізінде қабылданды.


Перьм университетіндегі атыс кезінде дәріс өтуін тоқтатпаған профессор сабақ беруден шеттетілді

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Пермь мемлекеттік университетінің профессоры Олег Сыромятников университетте атыс басталған сәтте дәріс өтуін тоқтатпаған топқа сабақ беруден шеттетілді, деп жазады Stan.kz

"Бұл шешім 20 қыркүйектен кейін студенттер мен университет қызметкерлеріне консультациялар жүргізген ТЖМ психологтарының ұсыныстары негізінде қабылданды", - деп мәлімдеді университеттің баспасөз қызметі.

Университет сонымен қатар Олег Сыромятниковтың "бұрынғыдай Пермь мемлекеттік ұлттық зерттеу университетінде жұмысын жалғастыратынын" атап өтті.

Еске салсақ, Пермь мемлекеттік университетінің бірінші курс студенті өзі оқитын білім ордасына қару әкеліп, адамдарға оқ жаудырған. Салдарынан алты адам көз жұмып (бұған дейін 8 адамның қаза болғаны айтылған еді), тағы 24-і жарақат алды.

"Дожд" арнасының мәліметінше, университет студенттері атыс кезінде профессор Олег Сыромятников орыс әдебиетінің тарихы бойынша дәрісті тоқтатпағанын айтқан. Төнген қауіпке қарамастан оқытушы сабағын жалғастыра берген. Сабақты тек студенттерді эвакуациялауға келген ОМОН қызметкерлері ғана үзген.

Кейінірек Сыромятников аудиторияның есігін "қару өтпестей етіп" бекітіп қойғанын түсіндірді. Ол сондай-ақ оның әрекеті дүрбелеңнің алдын алуға көмектескенін айтқан.