Перуде футболшыларды найзағай соқты – біреуі көз жұмды

0
348

23-минутта дауыл соғып, төреші ойынды тоқтатуға шешім қабылдаған.


Перуде футболшыларды найзағай соқты – біреуі көз жұмды

ERNUR.KZ. Перуде футболшыларды алаңда найзағай соқты, біреуі көз жұмды, деп жазады sputnik.kz.

Трагедия жергілікті "Хувентуд Беллависта" және "Фамилия Чокка" командалары арасындағы матч кезінде болды.
23-минутта дауыл соғып, төреші ойынды тоқтатуға шешім қабылдаған, деп хабарлады AP News.
Спортшылар алаңнан кетіп бара жатқанда, найзағай түсіп, 39 жастағы қорғаушы Хосе Уго де ла Круc Меcа сол жерде қаза тапты.
Соққы кезінде бірнеше адам бірден құлап, екі адам ауыр күйікпен ауруханаға жатқызылды.