Фильмді әр қарағаннан түскен ақша Дүниежүзілік мұхитты пластиктен тазартатын "Ocean Polymers" ұйымына аударылады.
ERNUR.KZ. Фильмді көруден түскен барлық қаражат мұхиттарды тазартатын қайырымдылыққа аударылады, деп жазады Stan.kz.
Танымал порносайт "Pornhub" әлеуметтік тұрғыдан ойландыратын "The Dirtiest Porn Ever" (Тарихтағы ең лас порно) фильмін түсірді. Түсірілім әлемдегі ең ластанған жағажайлардың бірінде өтті. Сондықтан Pornhub планетаның ластану проблемасына назар аударғысы келеді, деп хабарлайды Esquire.
Трейлерге сүйенсек, әрекет ететін ерлі-зайыптылар Лео мен Лулу алдымен серуендейді, содан кейін қоқыс пен пластик үйінділерінде жыныстық қатынасқа түседі. Фондағы химиялық қорғаныс костюмдеріндегі Pornhub қызметкерлері жағажайда қоқыстарды қалай жинайтыны көрсетілген.
Фильмді әр қарағаннан түскен ақша Дүниежүзілік мұхитты пластиктен тазартып, оны қайта өңдейтін коммерциялық емес Ocean Polymers ұйымына аударылады. Сонымен қатар, компания жеке веб-сайтты ашқан. Онда адамдар пластикалық ластанумен күресте қалай көмектесе алатындығы сипатталған.
"Мұхиттың ластануы біздің заманымыздың ең маңызды жаһандық проблемаларының біріне айналды және ол тек нашарлай түсуде. Сондықтан біз платформаны назарға (проблема) аудару және адамдарды өзгертуге шабыттандыру үшін қолданамыз. Біздің ұрпағымыз үшін ғана емес, болашақ үшін де", - деді Pornhub вице-президенті Кори Прайс.
Бұл компанияның алғашқы экологиялық бастамасы емес. Бұған дейін Pornhub компаниясы аралар гүлдерін тозаңдандыратын Beesexual бейне бөлімін ашқан болатын. Оны танымал порно актерлер дауыстаған. Сондықтан компания аралардың жойылып кету проблемасына назар аударуға тырысады, ал видеоларды көруден түскен қаражат араларды қорғайтын қайырымдылық ұйымдарына аударылады.