Президентті балағаттаған журналист 2 айға эфирден шеттетілді

0
913

Оған журналистің 7 шілдедегі эфир кезінде Ресей президенті Владимир Путинді балағаттауы себеп болған.


Президентті балағаттаған журналист 2 айға эфирден шеттетілді

ERNUR.KZ. Грузияның Rustavi-2 оппозициялық арнасы журналист Георгий Габунияны 8 шілдеден бастап екі айға эфирден шеттетті, деп жазады ktk.kz.

Оған журналистің 7 шілдедегі эфир кезінде Ресей президенті Владимир Путинді балағаттауы себеп болған. Сол күні кешке телеарна ғимаратының алдына жүздеген наразы жұрт жиналып, таңертең ғана тарасты. Осыдан кейін 8 шілде күндіз Rustavi-2 телеарнасы хабар таратуын алты сағатқа тоқтатуға мәжбүр болған. Грузия президенті Саломе Зурабишвили, Postscript хабарының жүргізушісі Георгий Габунияның айтқанын «арандатушылық» деп бағалады. Осыған ұқсас пікірді Тбилиси мэрі Кахи Каладзе мен Ресейдің сыртқы істер министрлігі де білдірді.

Грузия премьер-министрі Мамука Бахтадзе Габуниидің әрекетін «арандатушылық және Грузияны тұрақсыздандыруға бағытталған әрекет» деп бағалады. Грузияның тәуелсіз журналистер одағы – журналистер этикасы жөніндегі хартиясы – Габунияның әрекетін барлық журналистерге қоғамның сенімі мен құрметіне қаяу түсіретін «әдепсіз қылық» екенін мәлімдеді.

Тбилисиде Rustavi-2 телеарнасы журналисінің Ресей президентіне тіл тигізуіне қатысты наразылық әлі де жалғасып жатыр. Наразылар журналист Георгий Габуния мен телеарна басшысы Николоз Гварамияның қызметінен кетуін талап етеді.