Пригожин мінген бизнес-джеттің құлаған сәті видеоға түсіп қалған

0
651

"Росавиация" өкілдері бизнес-джет апатында қаза тапқан адамдардың тізімін шығарды.


Пригожин мінген бизнес-джеттің құлаған сәті видеоға түсіп қалған

ERNUR.KZ. Тверь облысында жекеменшік Embraer Legacy 600 ұшағының құлаған сәті видеоға түсіп қалды, деп жазады tengrinews.kz.

Видеода түтіндеген ұшақтың төменге құлдилап бара жатқаны көрсетілген. Апат Тверь облысындағы Куженкино ауылының маңында болған, ұшақтың қалдықтары ферма маңына құлаған.


"Росавиация" өкілдері бизнес-джет апатында қаза тапқан адамдардың тізімін шығарды.

Embraer - 135 (EBM-135BJ) ұшақ бортында отырған жолаушылар:

  • Пропустин Сергей
  • Макарян Евгений
  • Тотмин Александр
  • Чекалов Валерий
  • Уткин Дмитрий
  • Матусеев Николай
  • Пригожин Евгений

Экипаж мүшелері:

  • Левшин Алексей, командир;
  • Каримов Рустам, екінші пилот;
  • Распопова Кристина, жолсерік.

Еске салайық, 23 тамызда кешке Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі Мәскеуден Санкт-Петербургке ұшқан Embraer Legacy ұшағы Тверь облысындағы Куженкино ауылының маңында құлағанын хабарлады. Агенттік ұшақта он адам болғанын, оның ішінде үш экипаж мүшесі, алдын ала мәлімет бойынша, барлығы қайтыс болғанын мәлімдеді. Әуе көлігі федералдық агенттігінің мәліметінше, жолаушылар тізімінде "Вагнер" жеке әскери компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожиннің тегі мен аты бар.

Ал, "Фонтанка.ру-ға" қандай да бір дереккөз апатқа ұшыраған ұшақтың бортында Пригожин шынымен де болғанын хабарлаған. Бортта кәсіпкерден басқа "Вагнер" жасағының командирлері де болған.