Priora, Granta және Kalina көлік модельдерінің өндірісі тоқтатылады

0
1 495

Сондай-ақ, АвтоВАЗ рестайлингке дейінгі Granta мен Kalina модельдерінің өндірісін тоқтатып, X-стильдегі рестайлингтен өткен түрін шығаруды бастайды.


Priora, Granta және Kalina көлік модельдерінің өндірісі тоқтатылады

Шілдеде АвтоВАЗ конвейерден Lada Priora автомобильдерін алып тастайды. Бұл туралы "Ведомости" басылымы жариялаған өндірушінің өз дилерлері арасында таратқан хатына сілтеме жасай отырып Тengrinews.kz хабарлады.

Сондай-ақ, АвтоВАЗ рестайлингке дейінгі Granta мен Kalina модельдерінің өндірісін тоқтатып, X-стильдегі рестайлингтен өткен түрін шығаруды бастайды. Компания ескірген Priora өндірісін тоқтатады деген қауесет бірнеше жылдан бері айтылып жатыр. Оның өндірісі 2007 жылы басталып, Lada модельдерінің арасына сатылымы жағынан көш бастаған кездері де болған. Сонымен қатар, Lada Vesta Cross седанының сатылымы жазда басталады екен. Ең арзан комплектациядағы көлік құны 763,9 мың рубльден басталатын көрінеді.