Путин дәстүрлі баспасөз мәслихатын өткізуден бас тартты

0
605

Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, Путиннің жыл сайынғы дәстүрден бас тартуына майдандағы ахуал себеп.


Путин дәстүрлі баспасөз мәслихатын өткізуден бас тартты

ERNUR.KZ. Соңғы он жыл бойы желтоқсанда қорытынды баспасөз мәслихатын өткізіп келген Ресей басшысы биыл дәстүрді үзгелі тұр, деп жазады ulysmedia.kz.

Ресей президенті Владимир Путин биылғы жылы Үлкен баспасөз мәслихатын өткізуді жоспарлап отырған жоқ, – деп хабарлады оның баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, Путиннің жыл сайынғы дәстүрден бас тартуына майдандағы ахуал себеп.

Десе де, Ресей президенті баспасөз мәслихатының орнына Кремль пулындағы жеке насихатшыларымен – телеарналардағы саяси хабарлар жасайтын өз жеке журналистерімен оңаша әңгімелеседі деген дерек бар.