Германияның жаңа канцлері Олаф Шольц осы жолғы Мәскеуге ресми сапарына дейін РФ президенті Владимир Путинмен таныс болмаған. Шольцтың саясаттағы ауқымды тәжірибесіне және ресейлік президенттің Германиямен қарым-қатынасқа деген көзқарасын ескерсек, бұл таңғаларлық жайт.
ERNUR.KZ. Таныстық келіссөзінің барысында қос көшбасшы екіжақты қарым-қатынас мәселесінен гөрі Еуропадағы соғыс жайын көбірек талқылады, деп жазды sputnik.kz.
Соңғы уақытта Батыс "Ресейдің Украинаға шабуылы" туралы ақпаратқа өзін және әлемді сендіруге тырысып бақты. Алайда Ресейдің әскери оқу-жаттығуларының бір бөлігі аяқталғаны туралы хабарламаны пайдаланып, Шольцтың Мәскеуге сапары қарсаңында деэслакация туралы айта бастады. Бірақ бұл мәселені бірден жауып тастауға болмайтындықтан, Шольц Путинмен бірге өткізген баспасөз конференциясы кезінде "соғыс" пен "деэслакация" сөзін жиі қолданды.
"Менің осы елге сапар жасауыма Еуропадағы көп онжылдықтағы ауыр әрі қауіпті дағдарыс себеп болып отыр. Ресейдің әскери іс-қимылы мен ресейлік әскердің шекара маңына орналастырылуы біздің келіссөз уақытымыздың басым бөлігін алды. Сонымен қатар Ресей ұсынған қауіпсіздік кепілдіктері туралы келісім жобасын да талқыладық. Жүз мыңдаған әскердің украин шекарасында шоғырлануына алаңдап отырмыз. Сондықтан тез арада деэслакация қажет. Мұндай шиеленіскен жағдайдың соғысқа ұласуына жол бермеу маңызды", - деді неміс канцлері.
РИА Новости колумнистінің пікірінше, Мәскеу небәрі НАТО-ның шығысқа қарай кеңеймеуіне кепілдік талап етті. Ол Киевке шабуылдауды жоспарлаған жоқ. Алайда тиісті тараптар ресейлік қауіпсіздік кепілдіктеріне қанағаттанарлық деңгейде жауап ұсынар емес. Оның үстіне, Украинаны альянсқа қабылдау туралы мәселе күн тәртібінде жоқ екеніне сендіруге тырысып жатыр.
"Кеңейту жоспарланып отырған жоқ, ол талқыланбады да. Бұл мәселе күн тәртібінде жоқ. Әрқайсысымыз өз орнымызда тұрған шақта бұл тақырыпты талқылау қажеті туындамауы керек", - деген Шольц Киевтегі ойын Кремльде де қайталады.
Германияда кезекті сайлау 2025 жылы өтеді. Бұл тарих ауқымымен салыстырғанда ертең-ақ болатын саяси оқиға. Кейбір атлантистердің алдағы 20-25 жылға Украинаны НАТО-ға қабылдамауға кепілдік беру туралы ұсынысы да проблеманы шешпейді.
Шольц Меркель секілді канцлер қызметінде 16 жыл тұрақтап қалса да, бұл небәрі 2037 жылға саяды. Сондықтан Ресей ресейлік-батыс немесе ресейлік-еуропалық қарым-қатынастың күн тәртібінен Украина проблемасын алып тастап, осы елді атлантизациялау ойынан бас тартуды талап етіп отыр.
Сол себепті Путин "Ресейді күшпен тежеуді біз ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер деп бағалаймыз. Ал біз ұсынған жобалар негізіндегі заңды келісімдер олардың алдын алуға бағытталған" деген пікір айтты. Соған қарағанда Еуропадағы ортақ қауіпсіздікті қалыптастыратын уақыт келді. Немістер мұны қолдап отыр.
"Тұрақты қауіпсіздікті Ресейге қарсы емес, Ресеймен бірігіп құруға ғана болатынын біз, яғни немістер мен еуропалықтар түсініп отырмыз. Біз НАТО-да да, Еуроодақта да бірлікте болуымыз қажет" деген Шольц пікірі осыны айғақтап тұр.
"Бұл әсерлі әрі әдемі айтылған сөз болғанымен, іс жүзінде бәрі басқаша. Қажеттілік туындаған жағдайда Ресейге Украинаны қысым құралы ретінде қарсы пайдалануға дайын. Әйтпесе Украинаны НАТО-ға мүше ету мәселесін неге ашық күйде қалдырып отыр?", - деп жазды ресейлік колумнист.
Деэскалация жайы талқыланып жатқан шақта, жақын уақытта осы ахуалға қатысты үгіт-насихат жүретінін аңғару қиын емес. Оның бірі "Батыс Украинаны құтқарып, соғыстың алдын алды " десе, екіншісі "Ресеймен келіссөз жүргізу қажет, бірақ қатаңдық пен өктемдік таныту керек" дегенді білдіреді. Ал үшінші тезис "Ресей жеңілді, оның талаптары кері қайтарылды, Путин соғысудан бас тартты" деген ойды қамтиды.
Алайда ақиқат жалғыз, дейді РИА Новости тілшісі. Ол Батыс Украинадан бас тартқанын айқындайды. Толығымен бас тартпаса да, Ресейдің қатаң талаптары аясында Украинаны стратегиялық бақылауға қатысты наразылықтарын кері қайтарып алды.
Ақиқатын Ресей Украинаға басып кіруді көздеген емес. Путин америкалықтар Украинаны НАТО-ға қабылдамау туралы кепілдік беруге бірден келіспейтінін білді. Бірақ Мәскеу оның НАТО-ға кіруіне ешқашан жол бермейтінін аңғарту маңызды болды. Қазіргі ахуалға қарап, бұл ой сәтті іске асты деуге негіз бар.