Академияның проректоры 37 жаста болған.
ERNUR.KZ. Ресей Кеден академиясының проректоры Залим Керефов өлі табылды. Ер адам Ногинскідегі (Мәскеу облысы) тергеу изоляторында қайтыс болған, деп жазады Tengrinews.kz.
Басылым мәліметінше, ер адам бір адамдық камера еденінен өлі табылған. Тергеу изоляторы қызметкерлері қасқаша жазба тапқаны айтылды, онда Керефов жасаған қылмысына өкінетіні жазылған.
Академияның проректоры 37 жаста болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өзіне қол салған.
Залим Керефов 5 шілдеде есірткі тасымалдады деген күдікпен ұсталған. Тергеу барысында проректор заңсыз интернет-дүкендерді жұмыс компьютерінен басқарғаны белгілі болды.