Ресей полициясы ЖОО-да оқ жаудырған бозбаланы қалай қолға түсіргендерін айтты (видео)

0
543

Қолына қару ұстаған бозбаладан қаруын тастауды талап еткен, бірақ ол оның орнына жол полиция қызметкеріне қаруын кезеп, оқ атқан.


Ресей полициясы ЖОО-да оқ жаудырған бозбаланы қалай қолға түсіргендерін айтты (видео)

ERNUR.KZ. РФ полиция кіші лейтенанты Константин Калинин Пермь университетінде оқ жаудырған бозбаланы қалай қолға түсіргенін айтты, деп жазады zakon.kz.

Telegram Baza арнасының хабарлауынша, қоңырау түскен сәтте Калинин орын алған жол апатын тіркеп жатқан.

Шұғыл дабыл түсе салысымен, Калинин мен оның серіктесі оқиға орнына аттанған.

Университет ғимаратында Калинин қолына қару ұстаған бозбаладан қаруын тастауды талап еткен, бірақ ол оның орнына жол полиция қызметкеріне қаруын кезеп, оқ атқан.

Мен оған: "Таста!" деп айқайладым. Сол кезде ол маған қаруын кезеп, оқ атты. Содан кейін мен де атыс қаруын қолдандым, - дейді Калинин.

Сонымен қатар, қарулы жігіттің видеосы да жарияланды.

Соңғы мәліметтер бойынша, пермьдік оқ жаудырушы жігіт тірі.

Тергеушілер оның жағдайы ауыр екенін, жасанды тыныс алу аппаратына қосылғанын айтады.

Оның кеудесі мен аяқ-қолына оқ тиген.