Ресейде әскери ұшақ құлады

0
828

Ұшқыш қайтыс болған.


Ресейде әскери ұшақ құлады

ERNUR.KZ. Ресейде Белгород облысының билігі әскери ұшақ құлағанын хабарлады, деп жазады Sputnik.kz.

"Қорғаныс министрлігінің ұшағы Валуйск ауданында апатқа ұшырады. Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы мен төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның себебі анықталып жатыр, жағдай бақылауға алынды", - деді өңір губернаторы Вячеслав Главков өзінің Telegram-каналында.
Қорғаныс министрлігі Су-25 шабуылдаушы ұшағы жауынгерлік тапсырманы орындағаннан кейін құлағанын хабарлады. Ұшқыш қайтыс болған.

"Ресей Аэроғарыш күштерінің Су-25 ұшағы жауынгерлік тапсырманы орындағаннан кейін Белгород облысының базалық аэродромына қайтып келе жатқанда апатқа ұшырады. Ұшқыш қаза тапты", - деп хабарлады министрлік.

Олар "ұшақ адам жоқ ашық алаңға құлады, еш нәрсе зақымданбады" деп нақтылады.
Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа техникалық ақау себеп болған.