Бұл туралы Ресей Федерациясының Тергеу комитетінің облыстық басқармасы хабарлаған.
ERNUR.KZ. Ресейдің Ногинск қаласында басына 14 рет оқ тиген тұрғын тірі қалды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Алдын ала болжам бойынша, зейнеткерді өзінің баласы атқан. Ер адам әкесінің пәтеріне келіп, травматикалық тапаншадан оқ жаудырған. Зардап шегуші шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, оған ота жасалған.
РЕНТ ТВ арнасының дерегінше, шабуыл кезінде пәтерде тек зардап шегуші ғана емес, оның әйелі де болған. Оның айтуынша, әлдекім домофонға қоңырау шалған, күйеуі жауап беріп, алғашқы некесінен туған ұлы келгенін хабарлаған.
Үйіне қарулы өгей баласы келгенде әйел адам қоймаға жасырынып үлгерген. Оқ дауысы басылғаннан кейін сыртқа шыққан ол жаралы күйеуін тауып алған. Содан соң бірден жедел жәрдем шақырған.
Ал шабуылдаушы ұстадып, көлігінен травматикалық қару табылған. Тергеу кезінде ол кінәсін толығымен мойындаған.