Ресейде қазақ мәдениеті ұйымының басшысы 10 жылға сотталуы мүмкін

0
1 014

Ол "Алтын күз" қазақ әндерінің фестиваліне бөлінген қаражаттың бір бөлігін жымқырған.


Ресейде қазақ мәдениеті ұйымының басшысы 10 жылға сотталуы мүмкін

ERNUR.KZ. Мәскеуде тергеушілер қазақ мәдениеті ұйымының басшысы Ерназар Нұриевтің ісін сотқа жібермек. Ол бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталып жатыр, деп жазады Тengrinews.kz.

Тергеу мәліметі бойынша, 2016 жылы "Алтын күз" қазақ әндерінің фестиваліне Мәскеу билігі екі миллион рубльге (11,5 миллион теңге) жуық қаражат берген. Бірақ бұл ақша толығымен фестивальға жетпеген. Мысалы, келісім бойынша байқау финалистері Мәскеудегі қонақүйде тұруы қажет болған. Бірақ тексеріс кезінде қатысушылардың ешқайсы қонақүйде болмағаны анықталған. Ал қонақүйдің ақшасы төленіп қойған екен.

Іс материалдары бойынша, Нұриев берілген ақшаның 400 мың рублін (2,3 миллион теңге) өзіне алып қалған. Жедел топ пен арнайы жасақ қызметкерлері қазақ мәдениеті ұйымы басшысының үйін тінтіп шықты. Нұриев есікті ашпауына байланысты, арнайы жасаққа күш көрсетуге тура келген.

Әзірше тергеушілер бюджет қаражатын жымқыру бойынша бір эпизодты дәлелдей алды, оны Нұриев мойындаған. Енді ол 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.