Оқиға салдарынан "Газель" жүргізушісі зардап шекті. Ер адам ауруханаға жеткізілді.
ERNUR.KZ. Ресейде қазақстандық жүк көліктері ірі апатқа ұшырады, - деп жазады Tengrinews.kz.
Оқиға орнынан түсірілген кадрларды редакцияның Telegram ботына оқырман жіберді.
Оқиға Ресей Федерациясының Челябі облысында 30 наурызда болғаны белгілі болды. Облыстық мемлекеттік жол инспекциясы басқармасының мәліметінше, сағат 17.00 шамасында Челябі-Троицк тасжолының 143-шақырымында төрт жүк көлігі соқтығысқан. Жол апатынан бір адам зардап шекті.
"Бұған дейін КамАЗ жүргізушісі тоқтап тұрған "Газельді" соққаны, содан кейін ол қарсы жолаққа шығып кетіп, Howo жүк көлігімен соқтығысқаны анықталды. "Газельмен" соқтығысқаннан кейін КамАЗ жартылай тіркемесі бар Mercedes жүк көлігіне соқтығысқан", - делінген хабарламада.
Оқиға салдарынан "Газель" жүргізушісі зардап шекті. Ер адам ауруханаға жеткізілді.