Тамақ, техника және киім-кешектен басқасының барлығы қабылданады.
ERNUR.KZ. Ресейдің Пермь қаласында керексіз қалған сыйлықтарды өткізуге болатын дүкен ашылды, деп жазады tengrinews.kz.
Сыйлықтар сөреде тұрып, шаң-тозаң бола бастағанда осындай дүкен ашу идеясы келген, мұндай заттар дүкен иелерінің достарынан да табылған. Сол себепті ерекше дүкеннің иелері сауда орталығын ашып, басқаларға да көмектесті.
"Өз бағаңызды қоясыз, дүкенде ол бағаның үстіне сәл қосады, себебі салық төлеу керек. Біз мемлекетті де, өзімізді де сыйлаймыз, сондықтан мұны қажетті сыйлықтар ретінде сатамыз", - деді дүкеннің PR-директоры Василий Кучумов.
Тамақ, техника және киім-кешектен басқасының барлығы қабылданады.
"Біз достарымызбен осы мәселені талқылап алдық, оларға осындай сыйлықтар апаратын болдық, олар қарсы болмады. Біздің идеяны қолдайтындар көптеп табылды, олар өздерімен көптеген сыйлықтар әкеліп жатыр", - дейді Марина Чарушина есімді сатып алушы.