Ресейде жойқын жер сілкінісінен кейін жанартау атқылады

0
227

Қазір жер сілкінісінен болған шығындар есептеліп жатыр.


Ресейде жойқын жер сілкінісінен кейін жанартау атқылады

ERNUR.KZ. Камчаткада 7,1 балдық жер сілкінісі болып, салдарынан Шивелуч жанартауы атқылады, деп жазады inbusiness.kz.

Жерасты дүмпуі Тынық мұхитында, Камчатканың оңтүстік-шығыс жағалауында тіркелді. Петропавл-Камчатский және Вилюйск қалалық округтерінде және Елизовский және Усть-Камчатск аудандарында жер сілкінісінің күші 7 балға дейін сезілді. Қазір жер сілкінісінен болған шығындар есептеліп жатыр.

Күшті жер сілкінісінің салдарынан Шивелуч жанартауы атқылады. Жанартаутану және сейсмология институтының мәліметінше, Шивелуч жанартауынан теңіз деңгейінен 9 шақырым биіктікке күл атқылады. Күл түріндегі бұлт жолдарды жауып қалды.

Авиация үшін қызыл код жарияланды. Әзірге жақын маңда үшу қауіпті.