Бүгін, 2 қазанда Ресейдің барлық аймағында халықты ескерту жүйелері тексерілуде.
Фото: Pixabay.com
ERNUR.KZ. Дауыс зорайтқыштардан "Назар аударыңыз!" азаматтық қорғаныс сигналы естілді, деп жазады inbusiness.kz.
"Сиренаның дыбысын естігенде, сіз сабырлық сақтап, үрейленбеуіңіз керек, теледидарды – кез-келген қоғамдық арнаны немесе радионы қосып, ақпараттық хабарламаны тыңдауыңыз керек", – деп хабарлайды Ресей Федерациясының Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми Telegram арнасы.
Ведомствода атап өткендей, Ресейдің барлық аймақтарында, соның ішінде Мәскеу мен Мәскеу облысында халықты ескерту жүйелері тексерілуде.
2 қазанда сиреналардың іске қосылуынан басқа, орталық теледидарда да ескерту хабарламасы таратылатыны атап өтілді.
Осылайша, Саратов облысының өңірлік қауіпсіздік басқармасы "халықты хабардар ету жүйесін кешенді тексеру өтеді" деген хабарламаны таратты. Сағат 10.00 - ден 11.00-ге дейін (жергілікті уақыт бойынша) "барлығына назар аудару" сигналы беріледі, электр сиреналары мен дауыс зорайтқыштар іске қосылады. Өңірлік телерадио хабарлары тексеру жүргізу туралы ақпарат таратады.