​Ресейлік әйел көшеде жарылған құбырдан атқылаған ыстық суға күйіп қайтыс болды

0
1 226

Қайғылы оқиға 8 сәуір күні түнде болған.


​Ресейлік әйел көшеде жарылған құбырдан атқылаған ыстық суға күйіп қайтыс болды

ERNUR.KZ. Санкт-Петербург қаласында екі жерден жарылып кеткен құбырдан атқылаған ыстық суға әйел адам күйіп, қайтыс болды, деп жазады spb.kp.ru.

Қайғылы оқиға 8 сәуір күні түнде болған. Бірінші құбыр жарылуынан тек қана автокөлік зардап шексе, екіншісі адам өлімімен аяқталған.

Онда құбырдан атқылаған ыстық су қатар тұрған үйдің қабырғасына атқылап, терезені сындырған. Үйдің бірінші қабатындағы терезеден атқылай кірген суға әйел адам күйіп қалып, сол жерде қайтыс болған. Оның 30 жастағы ұлы да күйген, бірақ аман қалған.

Ыстық су басқан үйдің барлық тұрғындары көрші тұрған мектеп ғимаратына көшірілген. Әзірге басқа да жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ.