Ресейліктер Қазақстаннан киініп жатыр

0
888

Себебі көрші елдің киім нарығында жағдай мәз емес.


Ресейліктер Қазақстаннан киініп жатыр

Ресейдің Петербор қаласында жаңа киім сатып алатын дүкендер жабылды, деп жазады inbusiness.kz.

Нәтижесінде халықта секондхендтер мен белорусь трикотажынан басқа таңдау қалмаған. Енді олар Қазақстанға шопинг-сапарларға келуде.

24 ақпаннан бастап Ресейде дүкендер жабыла бастады, алғашқылардың бірі болып нарықтан испандық Mango бренді шықты. Zara, Massimo Dutti, Bershka, Oysho, Pull & Bear, Stradivarius, Uterqüe, Uniqlo дүкендеріне иелік ететін Inditex тобы дүкендердің жабылатынын хабарлады. Алайда бұл брендтердің киімдерін көрші ел азаматтары Қазақстаннан сатып ала алады. Ресейде жұмысын тоқтатқан сауда белгілері ірі қалалардың – Нұр-Сұлтанның немесе Алматының сауда орталықтарында ұсынылған.

Еске сала кетсек, 24 ақпаннан бастап Ресей мен Украина арасында геосаяси жағдай шиеленісіп, бастыстағы көршімізге санкциялар салына бастады. Бұл шектеулер төлем жүйелерінің жұмысын тоқтатудан басталып, танымал брендтердің Ресей нарығынан шығуына алып келді.